ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Елубаев қайтыс болды

19 Мамыр 2021, 16:36
1530
Бөлісу:
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Елубаев қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері Бауыржан Елубаев 74 жасында қайтыс болды.

Бауыржан Елубаев 1947 жылы 1 тамызда Ақмола облысы, Мәдениет ауылында дүниеге келген. Генерал-майор қызметте қалыптасудың барлық сатысынан өтті. Ол жедел уәкілден ҰҚК төрағасының орынбасарына дейін тағайындалған болатын. 57 жасында Атырау мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған.

Бауыржан Елубаев – ҰҚК құрметті қызметкері, құрметті шекарашы, саяси ғылымдарының докторы, профессор. II дәрежелі «Даңқ» орденімен, Кеңес Одағы мен Қазақстан Республикасының медальдарымен, грамоталармен, құрметті атақтармен, мемлекеттік және Ұлттық қауіпсіздік, сондай-ақ ТМД органдарының төс белгілерімен марапатталған.

Сонымен қатар Білім министрлігі «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін», «Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» (III дәреже) белгісімен, Сыртқы істер министрлігінің грамоталарымен марапатталған. 

Нұр-Сұлтандағы «Генералдар кеңесі» РҚБ өкілдігін басқарған.

Өзгелердің жаңалығы