Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

7 Ақпан 2024, 10:50
638
Бөлісу:
Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
Фото: - архив

Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыста еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

5 ақпанда Үкімет қызметінен кеткен болатын. 

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын. 

5 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Үкімет қызметінен кетті.  Ақорда Роман Скляр премьер-министр міндеттерін уақытша атқаратынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли жаңа үкіметті құру қашан басталатынын айтты. 

Экс-премьер Әлихан Смайылов жұмысын қорытындылап, әріптестеріне, қазақстандықтарға алғыс айтты.

6 ақпанда Мәжілістің жалпы отырысы Үкіметтің басшысының кандидатурасына дауыс берді. Сөйтіп еліміздің премьері болып Олжас Бектенов тағайындалды.

Жаңа премьер-министр өмірбаяны мен бұрын істеген қызметі жайлы жаздық. 

Мәжілістің жалпы отырысында Олжас Бектенов Үкіметтің алдында тұрған міндеттерді атады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтің жаңа басшысы жайлы ойын айтты. 

6 ақпанда кешке қарай елімізде жаңа Үкімет құрамын жасақтау аяқталды. Нәтижесінде Үкіметке жаңа Премьер-министр мен 4 жаңа министр келді. 

Өзгелердің жаңалығы