Үкіметтің жаңа құрамы: 4 министр ауысты

6 Ақпан 2024, 21:53
4296
Бөлісу:
Үкіметтің жаңа құрамы: 4 министр ауысты
Фото: Үкімет

Елімізде жаңа Үкімет құрамын тағайындау аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметтегі Әлихан Смайыловтың орнына Олжас Бектенов келді.

Ал Президент Әкімшілігіне Айбек Дәдебаев тағайындалды.

Төрт министрлікке жаңа басшылар келді:

- Әлібек Қуантыровтың орнына Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып Нұрлан Байбазаров тағайындалды;

- Ерұлан Жамаубаевтың орнына Мәди Тәкиев Қаржы министрі болды;

- Денсаулық сақтау министрі болып Ажар Ғинияттың орнына Ақмарал Әлназарова тағайындалды;

- Сырым Шәріпхановтың орнына Төтенше жағдайлар министрлігін енді Шыңғыс Әрінов басқарады.

Қалған Үкімет мүшелері өз орындарында қалды.

Олар кімдер:

Роман Скляр Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды.

Серік Жұманғарин Вице-премьер болып қалды.

Мұрат Нұртілеу Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі қызметіне қайта тағайындалды.

Тамара Дүйсенова Вице-премьер болып қайта тағайындалды.

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметіне қайта тағайындалды.

Ержан Сәденов Ішкі істер министрлігінің басшысы болып қалды.

Азамат Есқараев Әділет министрлігінің басшысы болып қайта тағайындалды.

Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі қызметін сақтап қалды.

Айдарбек Сапаров – Ауыл шаруашылығы министрі болды.

Бағдат Мусин - Цифрлық даму министрі.

Ғани Бейсембаев – Оқу-ағарту министрі.

Ерлан Нысанбаев Экология және табиғи ресурстар министрі болып қайта тағайындалды.

Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі болып қайта тағайындалды.

Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі болып қалды.

Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі қызметін сақтап қалды.

Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі.

Марат Қарабаев Көлік министрі болып қайта тағайындалды.

Светлана Жақыпова – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Қанат Шарлапаев Индустрия және құрылыс министрі болып қалды.

Арман Шаққалиев – Сауда және интеграция министрі.

Өзгелердің жаңалығы