Тоқаев Премьер-министрдің кандидатурасын қолдады

6 Ақпан 2024, 14:53
2149
Бөлісу:
Тоқаев Премьер-министрдің кандидатурасын қолдады
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Премьер-министрдің кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібінде тек бір мәселе ғана қаралып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы отырыста Қазақстан халықаралық қоғамдастықта абыройы бар мемлекет екенін айтты.

Шетелдік сарапшылар Қазақстан Орталық Азияда экономика мен басқа көрсеткіштер бойынша көш бастап тұрғанын мойындайды, - деді ол.

Президент Үкімет өз қызметінде кәсібилік пен жедел шешім қабылдауы керегін айтты.

Жаңа экономикалық даму жағдайына дайын болып, кез келген жағдайыға төтеп беру үшін Үкіметтің де құрамы дайын болуы керек. Үкіметтің жұмысына қызметті жандандыруы керек, - деді Тоқаев.

Президент Үкіметтің жаңа экономикалық блогі өзгеретінін айтты.

Мемлекет басшысы Үкімет басшылығына ұсынылған Олжас Бектеновтың кандидатурасымен келісетінін айтып, депутаттарға ұсынды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа мақсаттар айтылады.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын. 

5 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Үкімет қызметінен кетті. Ақорда Роман Скляр премьер-министр міндеттерін уақытша атқаратынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли жаңа үкіметті құру қашан басталатынын айтты. 

Экс-премьер Әлихан Смайылов жұмысын қорытындылап, әріптестеріне, қазақстандықтарға алғыс айтты.

Еске сала кетейік, 7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы