Үкіметтік емес ұйымдарға арналған шағын гранттар байқауы жарияланды

4 Маусым 2022, 09:45
1955
Бөлісу:
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған шағын гранттар байқауы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ «Қазақстанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту» жобасын іске асыру шеңберінде Үкіметтік емес ұйымдарына арналған Республикалық шағын гранттар байқауын жариялайды.

2015 жылғы 25 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы 2030 жылға дейінгі арналған Тұрақты даму саласындағы күн тәртібі мақсаттарын қабылдады, бұл мемлекеттер мен қоғамдардың үйлесімді дамуын көздейтін, болашаққа бағдарланған жаһандық құрылымның жаңа тұжырымдамасын ресімдеді.

Байқау мақсаты –2030 жылға дейінгі БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған азаматтық бастамаларды қолдау.

Гранттардың болжамды бағыттары:

•             Қазақстанда білім беру деңгейін арттыруды, сондай-ақ оның қолжетімділігін іске асыруға бағытталған жобалар (ТДМ 4);

•             Гендерлік теңдік деңгейін арттыруға бағытталған жобалар (ТДМ 5);

•             Теңіз экожүйелерін сақтауды қолдау бойынша жобалар (ТДМ 14);

•             Құрлық экожүйелерін сақтауға қолдау көрсетуге бағытталған жобалар (ТДМ 15);

•             Құқықтық мәдениетті арттыруды, сот төрелігін сақтауды және тиімді институттарды қалыптастыруды қолдау жөніндегі жобалар (ТДМ 16);

•             Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікке бағытталған жобалар (ТДМ 17);

•             Қазақстанда ТДМ сапалы жүзеге асыруға бағытталған жобалар;

•             Ережеге сәйкес келетін басқа да бағыттар.

Өтінімдер ұйымдастырушының greenkaz.kz@gmail.com поштасы арқылы 2-20 маусым аралығында қабылданады. Байқау қорытындысы бойынша 7 ҮЕҰ жеңімпаз таңдалып, әрқайсысы 500 000 теңгелік грантқа ие болады.

Өзгелердің жаңалығы