Үкіметте жаңа ЖЭО-ларды іске қосу мәселесі талқыланды

22 Қыркүйек 2023, 19:02
762
Бөлісу:
Үкіметте жаңа ЖЭО-ларды іске қосу мәселесі талқыланды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте электр энергетикасы, оның ішінде ЖЭК саласындағы жаңа жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері ұлттық энергетикалық желіні дамыту, жаңа энергия объектілерін іске қосу, қолданыстағы станцияларды жаңғырту және газға көшіру жөніндегі шаралар туралы баяндады. Атап айтқанда, Көкшетауда ЖЭО және Семейде ЖЭО-3, Қызылорда мен Түркістанда бу-газ қондырғыларын салу, сондай-ақ Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту, Екібастұз ГРЭС-2-ні қайта құру және т. б. мәселелер қаралды.

Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерінің, атап айтқанда гидроэнергетика жобалары талқыланып, шетелдік инвесторлармен ынтымақтастық жоспарлары қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Өзгелердің жаңалығы