Үкіметте тау-кен металлургия кешені мен газ саласын дамыту шаралары қаралды

21 Сәуір 2023, 08:19
792
Бөлісу:
Үкіметте тау-кен металлургия кешені мен газ саласын дамыту шаралары қаралды
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеңеске қатысушылар:

перспективалы газ және газ конденсаты кен орындарын игеру;

өнеркәсіптік кәсіпорындарды отынмен қамтамасыз ету шаралары;

шикізатты тасымалдау үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту және басқа да бірқатар өзекті мәселелерді қарады.

Сонымен қатар кеңесте қыс мезгілінде халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Премьер-министр өткен жылыту маусымындағы тәжірибені ескере отырып, цифрлық шешімдерді пайдалану арқылы отынды сатудың ашық нарықтық механизмін әзірлеу қажеттігін айтты. Бұл тәсіл сауда-саттықты реттеуге, көмірді тұтынушылар арасында біркелкі бөлуді қамтамасыз етуге және сұраныс артқан кезеңде бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермейді.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың, «Қазақстан темір жолы» және «QazaqGaz» ұлттық компанияларының, сондай-ақ ERG компаниясының басшылары қатысты.

Өзгелердің жаңалығы