Үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті

5 Наурыз 2022, 09:38
1719
Бөлісу:
Үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  4 наурызда Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп жазды Үкіметтің ресми сайты.

Кеңес аясында АХҚО-ның инвестициялық ахуалды жақсартудағы рөлі, Қаржы орталығының қазіргі жай-күйі және қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялар топтамасының ықтимал әсері мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда АХҚО экожүйесінде 1200 компания тіркелген, ресейлік компаниялар саны 5%-дан аспайды. АХҚО бірқалыпты жұмыс қарқынын сақтап отыр. Қатысушылардың кету жағдайлары байқалмайды, - деді АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов.

ҚР Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне халықаралық салық салу мәселесін қосымша пысықтау тапсырылды.

 

Өзгелердің жаңалығы