Үкіметте дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қаралды

21 Сәуір 2022, 17:56
1375
Бөлісу:
Үкіметте дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Үкімет үйінде Премьер-министр Әлихан Смайылов дағдарысқа қарсы қосымша шаралар жөнінде кеңес өткізді. 

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында Үкіметтің сыртқы экономикалық және геосаяси факторлардың қазақстандық өндірушілерге әсерін мұқият қадағалап отырғаны атап өтілді. 

Отандық компаниялардың одан әрі дамуы және әкімшілік жүктемені төмендету үшін бірқатар жаңа қолдау шараларын енгізу ұсынылады.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу аясында өз міндеттемелерін орындау кезінде форс-мажорлық жағдайларға (логистикалық дәліздердің жабылуы, жеткізілімдердің уақытылы орындалмауы және т. б.) тап болған компанияларды Жосықсыз жеткізушілер тізіліміне енгізбеу тетіктерін пысықтау ұсынылады. 

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау үшін сақтандыру сыйақыларын мемлекеттік субсидиялау көлемін ұлғайту ұсынылады. 

Сондай-ақ елімізде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингін кеңейту туралы ұсыныс қолдау тапты.

Премьер-Министр ұсыныстарды қолдап, оларды жүзеге асыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы