Үкімет өнімдерді экспортқа шығаруға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға тиіс – Мемлекет басшысы

20 Қараша 2026, 15:10
АВТОР
 Ақорда 20 Қараша 2026, 15:10
20 Қараша 2026, 15:10
116
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында ветеринария саласын жаңғыртуға айрықша мән беру қажет екенін айтты. 

«Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ұйғарымына сәйкес, Қазақстан ящур ауруынан таза аймақ ретінде танылды. Бұл – ет және басқа да мал шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа шығару үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деген сөз. Соны тиімді пайдалану керек. Мал басын есепке алу жүйесін жетілдіріп, зертханалық диагностиканың сапасын арттыру қажет. Үкімет өнімдерді экспортқа шығаруға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға тиіс».

Айта кетейік, бұған дейін Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға баса мән беру қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, тек былтырдан бері 71 тауар-сүт фермасы іске қосылғанын айтты. 

Наверх