Үкімет басшысы зейнетке шығу жасына қатысты пікір білдірді

12 Шілде 2022, 21:49
7907
Бөлісу:
Үкімет басшысы зейнетке шығу жасына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына берген сұхбатында зейнетке шығу жасы төмендетіле ме? деген сұраққа жауап берді.

Бұл мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы зерделеп жатыр. Тиісті қоғамдық өкілдерімен бірнеше кездесу өткізілді. Бұл жерде айтар мәселе, адамдар ерте шығатын болса, онда зейнетақының да мөлшері де соған сәйкес төмен болады. Сондықтан мұны да ескеру қажет. Дегенмен, қоғамда осындай пікір болғаннан кейін әрине, жан-жақты талдап, зерттеу қажет. Қазір арнаулы жұмыс тобы құрылып, министрлік аясында бұл мәселені зерделеп жатыр. Соның нәтижесінде салалық министрлік тиісті ақпарат береді деп ойлаймын, - деді Үкімет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы