Үкімет басшысы Ұлытау облысының әкіміне ескерту жасады

17 Қаңтар 2023, 13:06
1114
Бөлісу:
Үкімет басшысы Ұлытау облысының әкіміне ескерту жасады

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлына ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында бөлінген қаражаттың айтарлықтай бөлігін Ұлытау облысы игере алмай жатқаны айтылды.

Әлихан Смайылов өңір басшысына:  

Берік Әбдіғалиұлы, бөлінген қаржаттың үлкен бөлігі игерілмеген. Аяқталмай қалған жобалар көп. Қандай шаралар қабылдайсыз?, - деді Үкімет басшысы.

Қаражаттың игерілмеуі жалпы ауа райы жағдайына және Қарағанды облысынан шарттар бойынша міндеттемелердің кеш берілуіне байланысты болды, – деп жауап берді облыс әкімі Премьер-министрдің сұрағына.

Премьер-министрге Әбдіғалиұлының жауабы ұнамады. 

Берік Әбдіғалиұлы, ауылдарда әлеуметтік және тұрмыстық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру өте маңызды. Ақша бөлінеді. Сіздің жұмысыңыз соны тиімді пайданалынып, іске асыру. Біз «Ақша уақытында бөлінбеді» деп айтқан себепті қабылдамаймыз. Жұмысты уақытында орындаңыз, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы