Үкімет басшысы мүдделі органдарға келісімді белгіленген мерзімде, сапалы орындауды тапсырды

23 Ақпан 2021, 09:46
1309
Бөлісу:
Үкімет басшысы мүдделі органдарға келісімді белгіленген мерзімде, сапалы орындауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысы барысында «ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы макроэкономикалық саясаттың 2021-2023 жылдарға арналған шараларын үйлестіру бойынша келісімнің» бірлескен шараларын іске асыру үш бағыт бойынша жүргізілетінін айтты.

Бұл келісім – Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісілген іс-қимылын қамтамасыз етеді. Халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру - елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының басымдығы. Ол үшін ақша-кредит, салық-бюджет және құрылымдық саясат, сондай-ақ қаржы секторын дамыту саясаты үйлестіріледі, - деді ол.  
Үкімет басшысы бірлескен шараларды іске асыру үш бағыт бойынша жүргізілетінін айтты.
Бірінші, «Макроэкономикалық орнықтылықты арттыру» бағыты аясында төмен инфляция, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың өсімі арасында теңгерімді сақтай отырып, іскерлік белсенділікті ынталандыру бойынша шаралар қабылданады. Инфляцияны біртіндеп төмендету және оны орнықты экономикалық өсімге ықпал ететін төмен деңгейде  ұстау бойынша жұмыс жалғасады. «Қаржы нарығын дамыту» деген екінші бағытты іске асыру 2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын қабылдауды көздейді. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың өсімін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, қаржы механизімі негізінде экономиканы банктік кредиттеуді айтарлықтай кеңейту бойынша шаралар қабылданады, - деді ол. 
Маминнің айтуынша, «Экономикалық өсудің ұзақмерзімді әлеуетін арттыру» деген үшінші бағыты аясында бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға, өңірлік және жаһандық қосылған құн тізбегіне кірігуге негізделген экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыруды ынталандыру жұмысы жалғасады.  
Экономиканың сапалы және орнықты дамуы үшін түбегейлі жаңа институционалдық жағдай жасалынады. Жаңа экономикалық жағдайда халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауатының артуына ықпал етеді. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігі келісімнің іс-шараларын белгіленген мерзімде, сапалы орындауды қамтамасыз етуі қажет, - деді премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы