Үкімет басшысы министрлерге тапсырма берді

9 Тамыз 2022, 11:49
1214
Бөлісу:
Үкімет басшысы министрлерге тапсырма берді

Бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов бірқатар министрліктерге тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі қолда бар заманауи коммуникациялар мен ресурстардың бәрін пайдаланып, әр кездесуді кеңінен жариялап отыру керек. Қандай жұмыс атқарылды, басқа мәселелер қалай шешімін табады, соның бәрін нақты көрсету керек. Сонымен қатар мынадай тапсырма беремін. Бірінші, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары проблемалық мәселелерді жедел шешуге баса назар аудара отырып, өткізілетін кездесулердің нәтижелілігін арттырсын, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Премьер-министр көтерілген мәселелерді шешіп, нысаналы топтармен тұрақты кездесулер өткізуді тәжірибеге алу керек деп отыр.

Ұлттық экономика министрлігі мен Ақпарат министрлігі халық көтеретін барлық мәселелерді жүйелесін және осы проблемаларды шешу жөніндегі тиісті іс-шаралар жоспарын бекітсін. Екінші, өңір әкімдері республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша    тиісті құжаттарды дайындауды тездетсін және бюджеттік өтінімдерді орталық мемлекеттік органдарға енгізсін. Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру немесе нақтылау кезінде кездесулерде халық көтеретін мәселелерді ескеру қажет екенін атап өтемін, - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Ұлттық экономика, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау үшін әкімдер мен министрлердің халықпен кездесулерін бағалау критерийлерін әзірлеуді тапсырды. Оның нәтижесі Үкіметте жүйелі түрде қаралатын болады. 

Өзгелердің жаңалығы