Тоқаев пен ТМД елдерінің басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Фестиваль барысында мемлекеттер басшылары ТМД елдерінің ұлттық тағамдарын әзірлеу барысымен танысты.

 Ақорда 8 Қазан 2026, 21:48
8 Қазан 2026, 21:48
164
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестиваліне қатысты.

Фестиваль барысында мемлекеттер басшылары ТМД елдерінің ұлттық тағамдарын әзірлеу барысымен танысты. Түрікменстан павильонында жергілікті бақша және нан-тоқаш өнімдері, сондай-ақ түрікмен кілемдері қойылған көрме ұсынылды. Қонақтарға «Оғыздар» әдеби-сазды қойылымы да көрсетілді.

Қазақстанның ұлттық павильонында еліміздің тарихи-мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктерін таныстыратын тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында мемлекеттер басшыларының қатысуымен ТМД елдері арасында өткен «Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат» телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Наверх