Үкімет басшысы: 2025 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы таза ауызсумен қамтылуы керек

4 Мамыр 2022, 10:36
1681
Бөлісу:
Үкімет басшысы: 2025 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы таза ауызсумен қамтылуы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

Елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – алдымызда тұрған ең маңызды міндеттердің бірі. 2025 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ытаза ауыз сумен қамтылуы керек. Бұл –  әлеуметтік маңызы жоғары мәселе. Сондықтан әкімдіктер ауылдар мен қалаларда тиісті инфрақұрылымды тарту жұмыстарына ерекше мән беруі тиіс. Аталған жобаларды қаржыландыруға басымдық берілу керек. Қолданыстағы және жаңадан іске қосылатын объектілерді тиімді пайдалану үшін саланы автоматтандыру керек. Яғни инновациялық технологияларды енгізуге ерекше мән беру керек, - деп атап өтті Әлихан Смайылов. 

Сондай-ақ ол облыс басшыларын су құбырларын күтіп ұстауға шақырды. 

Облыс әкімдері су құбырларын күтіп ұстап, оларды тиісті мекемелерге сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін қарастыру қажет. Әкімдіктер ауыл ішінде жүргізіліп жатқан су құбырлары мен елдімекенге дейін тартылатын топтық су құбырларының жоспарын бір-біріне сәйкестендіру керек. Кейбір топтық су өткізгіштердің құрылысы жылдар бойы  аяқталмай жатқаны жасырын емес. Дегенмен, қазір  жағдай біршама жақсарып келеді, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы