Үкімет Аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

3 Мамыр 2023, 16:11
716
Бөлісу:
Үкімет Аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Құндызбек Әбдірасылов Үкімет Аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құндызбек Болатұлы Әбдірасылов ҚР Үкімет Аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада.

Құндызбек Әбдірасылов 1982 жылғы 16 қарашада дүниеге келген. «Әулие Ата» университетін және Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін бітірген. Ақпарат жүйелері, қаржы және құқық салалары бойынша білім алды.

Еңбек жолын 2005 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша Салық комитеті Салық тіркеу бөлімінің штаттан тыс қызметкері болып бастады, осы жерде бас маман лауазымына дейін көтерілді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Статистика агенттігінде, Ұлттық экономика министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрінің Хатшылығын басқарды.

2014-2018 жылдары Астана қаласының Статистика департаменті басшысының орынбасары, департамент басшысы болды.

Әр жылдары Қаржы министрінің, Премьер-министр орынбасарының, Премьер-министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Қазіргі уақытқа дейін Премьер-министр хатшылығының меңгерушісі болып қызмет етті.

Бұрын осы лазауымда болған Асқар Жәкенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Өзгелердің жаңалығы