Үкім. Біртановтың соңғы сөзі

26 Қазан 2022, 12:48
1651
Бөлісу:
Үкім. Біртановтың соңғы сөзі

Бүгін елордадағы Сарыарқа аудандық сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкім жарияланбас бұрын соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, айыптау тарапы қылмыс деп есептейтін әрекеттерден жеке басының пайдасын іздемеген. Жақсы мемлекеттік қызметкер болуға тырысқан.

Айыптауда бұл істе менің жеке басымның пайдасы қайсысы екенін көрмедім. Айыптауға өрескел құқық бұзушылықтарды таңуға тырысқандарына қарамастан, менің қорғаушыларым осы оқиғалардың шынайы көрініс көрсететін заңдар, келісімшарттар, техқұжаттамалар, хаттар, жеке хат жазысулар сынды көптеген деректерді ұсынды. Біз Денсаулық сақтау министрлігінің цифрлық бөлімшелерінің басшылығындағы адамдар платформаны іске қосу бойынша мемлекеттік тапсырманы шешкендерін көрдік. Сондай-ақ олардың  түпкілікті мақсат — платформаны іске қосу үшін заң мен келісімшарттар аясында шешілген көптеген қиындықпен бетпе-бет келгенін де көріп отырмыз, - деп атап өтті ведомствоның бұрынғы басшысы.

Сонымен қатар ол министр болып жұмыс істеген кезінде мемлекеттің игілігі үшін денсаулық сақтау жүйесін дамытып, үлгілі мемлекеттік қызметкердің имиджін қалыптастырғысы келгенін айтты. Алайда өкінішке қарай соттың алдынан бір-ақ шыққан.

Қосымша келісім кезінде екі тарап та өз мақсаттарының айқын екендігін және оған қол жеткізетіндерін айтқан еді. Ең бастысы, қылмыс құрамы болмағанымен, біз менің де, Әбішевтің де (бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі - ред.) жеке бас пайдасын ойламағанын дәлелдедік. Жалғыз ниетіміз – жақсы мемлекеттік қызметкер болу еді, - деді Елжан Біртанов.

Өзгелердің жаңалығы