Ухань ғалымдары өздерін жарқанаттардың тістегенін айтқан

17 Қаңтар 2021, 18:50
1731
Бөлісу:
Ухань ғалымдары өздерін жарқанаттардың тістегенін айтқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус тарала бастаған Ухань қаласының ғалымдары өздерін жарқанаттардың тістегені турлы айтты, деп жазды lenta.ru.

Ухань вирусология институтының ғалымдарының бірі 2017 жылы оны үңгірде зерттеу жұмыстарын жүргізгенде жарқанаттың тістегені туралы айтып берген.

Олардың тістері өте өткір, тіпті резеңке қолғаптан өтіп кетті. Ине шаншып алғандай әсер болды. Алайда құтыруға қарсы вакцина алғандықтан оған мән бермедім, - деді ол.

Сонымен қатар кадрда қытай ғалымдарының осыдан төрт жыл бұрын жарқанаттармен жұмыс істеу барысында ДДСҰ  талаптарын бұзып, қорғаныш құралдарын пайдаланбағыны көрініп тұр. Сол кездің өзінде жарқанаттардың SARS пневмониясын тудырушы мен көптеген вирустердің таратушысы екені мәлім болатын. 

Бейнежазба 2017 жылдың 29 желтоқсанында мемлекеттік телеарнада көрсетілген. Одан зертханада сұқбат беріп, жұмысын көрсеткен вирусолог ғалым Ши Чжэнлидің де қорғаныш құралдары қолданбағаны көрініп тұр.

Вирусолог елдегі басылымдарының біріне берген сұқбатында оның жұмысы көпшілік ойлағандай қауіпті емес екенін алға тартқан. Сонымен қатар вирустың адамға жарқанаттан жұғу мүмкінігі де төмен деді ол.

Дегенмен Taiwan News басылым авторлары Уханьға келген ДДСҰ өкілдерін осы мәселеге назар аударуға шақырған.

Өзгелердің жаңалығы