UFC ұйымы Шавкат Рахмонов туралы фильм түсіруге кірісті

9 Тамыз 2022, 01:21
1063
Бөлісу:
UFC ұйымы Шавкат Рахмонов туралы фильм түсіруге кірісті

UFC ұйымы қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов туралы деректі фильм түсіруге кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Arbat.media порталының мәліметінше, түсірілім тобы Рахмонов жаттығу жұмыстарын өткізетін Алматы қаласында келіп те қойған. Бірақ, фильм туралы басқа ешқандай дерек жоқ. 

Бұрнағы күні UFC Рахмоновтан үлкен үміт күтіп отыр. Бұл ұйымда қазақстандық файтер төрт жеңіске қол жеткізді. Соңғы жекпе-жегінде ол америкалық Нил Мэгниді қылқындыру әдісімен жеңді. Жалпы Рахмонов аралас жекпе-жекте 16 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Қазіргі уақытта отандасымыз UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы рейтингінде оныншы орында тұр. 

Рахмонов туралы аралас жекпе-жектің басты мамандарының бірі Джо Роган да жақсы пікірде екенін білдірген. 

Ол жақсы күресе алады. Сонымен қатар, соққылары мықты. Аяғымен қарсыласының бүйірінен жақсы тебе алады. Өте мықты файтер. Оның үстіне жеңілмеген. Дегенмен оның маңайында хайп аздау. Алайда бұл жігітті назарға алу керек деп ойлаймын, - деген болатын Роган. 

Өзгелердің жаңалығы