UFC: Бекзат Алмахан жекпе-жекті 64 секундта аяқтады

Кеше, 07:11
586
Бөлісу:
UFC: Бекзат Алмахан жекпе-жекті 64 секундта аяқтады
Фото: instagram.com/bekzatalmahan

Бүгін, 11 мамырға қараған түні Канаданың Монреаль қаласындағы Bell Centre аренасында өткен UFC турнирінде қазақстандық файтер Бекзат Алмахан 64 секунд ішінде қарсыласын нокаутқа жіберіп, жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 жастағы Алмахан UFC-дегі екінші жекпе-жегін канадалық Брэд Катонаға қарсы өткізіп, қарсыласын алғаш рет мерзімінен бұрын жеңіліске ұшыратты. Сарапшылар бұл нокаутты Қазақстан тарихындағы UFC-дегі ең жылдам жеңіс деп бағалады.

Мен мұнда жай келген жоқпын. Мен чемпион болуға келдім, – деп мәлімдеді жекпе-жектен кейін Алмахан.

Бұған дейін Санкт-Петербургте қазақстандық Евгений Егембердиев ресейлік UFC экс-жауынгері Максим Гришинмен кездесуі тиіс еді, алайда жекпе-жек Егембердиевтің жарақатына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы