Әуе қатынасының күшейтілген санитарлық талаптары бекітілді

28 Сәуір 2020, 13:05
1472
Бөлісу:
Әуе қатынасының күшейтілген санитарлық талаптары бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше, жолаушыларда COVID-19-дың бар-жоғын анықтау үшін ПТР тестінен өткені және оның теріс нәтиже көрсеткені туралы анықтама болуы қажет. 

Ол анықтама берілген күнді қоса есептегенде 7 күнге жарамды. Сонымен қатар, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (маскалар, қолғаптар), термометрия жүргізу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген түрде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес, рейстерде бортта тамақ берілмейді.

Аталған бағыттарға ұшатын азаматтар коронавирус инфекциясына тестті өз қаражаты есебінен ақылы негізде жасатады. 

Өзгелердің жаңалығы