Учаскелік инспектордың танымалдылығы үш есеге артты - Көлгінов

20 Мамыр 2022, 11:06
975
Бөлісу:
Учаскелік инспектордың танымалдылығы үш есеге артты - Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов  «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі: перспективалары және Даму стратегиясы» халықаралық құқықтық форум барысында айтты.

Полицияның сервистік моделіне көшу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Пилоттық жоба елордамызда жүзеге асырылып жатыр. Былтыр Алматы ауданында пилоттық жобаны енгіздік. Учаскелік инспектордың танымалдылығы үш есеге артты. Біз кері байланыс орната алдық. Төрт учаскелік бекетте 40-қа жуық учаскелік инспектор жұмылдырылды,-  деді Көлгінов.

Оның айтуынша, жұмыс нәтижелі болған соң, келесі кезеңге көшу шешімі қабылданды.

Сервистік модельге өту бойынша жұмыстың екінші кезеңі басталды. Біз оны Сарыарқа ауданында жүзеге асырып жатырмыз. Барлық құзырлы орган ведомствоаралық жұмыс тобында жұмыс істеп жатыр. Негізгі жұмысымыз - кері байланысты күшейтіп, қағазбастылықты азайту. Біз материалдық-техникалық базаны күшейтіп, қызметті онлайн көрсетіп жатырмыз. Ол сапаны жақсартуға оңтайлы әсер беріп жатыр,- деді Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы