Учаскелік инспектордың көмекшісі мәртебесі заңнамалық түрде бекітіледі – ІІМ

25 Мамыр 2021, 12:50
5181
Бөлісу:
Учаскелік инспектордың көмекшісі мәртебесі заңнамалық түрде бекітіледі – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыру туралы өткен брифингте ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты.

Ішкі істер органдарында учаскелік полиция инспекторларының маңызы зор. Олар бірнеше қызмет атқарады. Көші-қон, тұрмыстық зорлық-зомбылық, қоршаған ортаны қорғау және өзге мәселелер бойынша арыз-шағымдармен жұмыс істейді. Қылмыстық істерді жүргізіп, әкімшілік хаттамаларды толтырады. Бір сөзбен айтқанда ІІО барлық саласы бойынша жұмыс істейді, - деді Баймұқашев.

Оның айтуынша, олар нашақор және бұрын сотталған азаматтардың тәртібін қадағалайды. Қазір полиция есебінде осындай 100 мыңға жуық азамат бар.

Сонымен қатар профилактикалық шараларды іске асырады. Есепте тұрған азаматтар мен пробацияда жүрген адамдарға бақылау жайсайды, - деді ол.

Мұрат Баймұқашев атап өткендей, қазір осы қызметтің ажырамас бөлігі ретінде учаскелік инспектордың көмекшісі мәртебесі заңнамалық түрде бекітіліп жатыр.

Қазір көмекшінің қылмыстық тергеу бойынша іс жүргізу шешімдерін және әкімшілік материалдар бойынша негізгі шешімдерді қоспағанда, жергілікті биліктің көптеген өкілеттіктері бар, - деді ол.

Оның айтуынша, заңнамалық түзетулерді қабылдау учаскелік институт жұмысының тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Оларды екінші кезектегі жұмыстан босату және негізгі міндеттерді орындауға, бірінші кезекте халықпен жұмыс істеуге шоғырландыру керек. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс пен ішкі істер органдары туралы заңға тиісті түзетулер Парламенттің қарауында. Оларды қабылдау кезекті сессияда жоспарланып отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы