ҰБТ. IT-мамандықтарға түсетін талапкерлерге информатика енгізілді

8 Қыркүйек 2022, 10:44
3647
Бөлісу:
ҰБТ.  IT-мамандықтарға түсетін талапкерлерге информатика енгізілді
Фото: sputnik.kz

2022-2023 оқу жылынан бастап IT саласына оқуға түсетін талапкерлерге ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізіледі, деп хабарлай BAQ.KZ тілшісі.

«Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер ҰБТ-да «Математика-Физика» емес, «Математика-нформатикадан» тест тапсырады, - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Наурызда ҰБТ кезінде пилоттық жоба ретінде  IT саласын таңдаған түлектерге «Математика-Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша енгізілген еді.

Айта кетейін, наурыздағы ҰБТ кезінде пилот ретінде аталған дайындық бағыттарына түсушілерде «Математика-Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болды. Бұл апробация тиісті нәтижелерді көрсетіп, бірінші кезекте қабылданатын шешімнің талапкерлер үшін оңтайлы болатынын дәлелдеді, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілетін өзгерістер туралы айтқан болатын.

2023 жылдан бастап «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша өзгерістер енгізіледі.

«Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).

«Оқу сауаттылығы» пәнінде талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі.

Сонымен қатар ҰБТ тапсырмаларының құрылымына да өзгеріс енеді.

1 дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін;

1 немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (3 дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін қысқарады.

Өзгелердің жаңалығы