ҰБТ-дан кейінгі эмоциялар: талапкерлер өз әсерін бөлісіп жатыр

15 Маусым 2024, 13:05
626
Бөлісу:
ҰБТ-дан кейінгі эмоциялар: талапкерлер өз әсерін бөлісіп жатыр
Фото: видеодан кадр

Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру маусымы көптеген жарқын эмоция мен ұмытылмас сәт сыйлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оны тестілеуді тапсырған талапкерлердің шынайы әсерінен байқауға болады. Ғылым және жоғары білім министрлігі сынақ тапсырған түлектердің видеосын бөлісті.

Талапкерлердің айтуынша, өз мақсатына табандылықпен ұмтылып, жүйелі жұмыс істегендер еңбегінің жемісін көріп жатыр.

Еске салайық, ҰБТ 5 шілдеге дейін, ал төтенше жағдай режимі жарияланған алты өңір үшін (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) 12 шілдеге дейін жалғасады.

ҰБТ-ны сәтті тапсырғандардың барлығын құттықтаймыз және тестілеуді әлі алда тапсыратындарға сәттілік тілейміз! – деп жазды Ғылым және жоғары білім министрлігінен.

Өзгелердің жаңалығы