ҰБТ-да оқушылар қолданған ең креативті шпаргалкалар көрсетілді

21 Маусым 2023, 15:16
983
Бөлісу:
ҰБТ-да оқушылар қолданған ең креативті шпаргалкалар көрсетілді
VIDEO
Фото: видеодан скрин

Ұлттық тестілеу орталығының директоры өзінің Instagram-дағы парақшасында ҰБТ-дағы ереже бұзушылардың саны азайып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша, статистика бойынша жыл сайын ҰБТ-дағы ереже бұзушылардың саны азайып келе жатыр. Мәселен, 2019 жылы тестілеуге кіргізу барысында 128 мың, 2020 жылы – 2522, 2021 жылы – 756, 2022 жылы – 327 тыйым салынған зат анықталды. Яғни, көрсеткіш 400 есеге азайған. Бұл талапкерлердің бүгінде өз білімдеріне сеніп, академиялық адалдық ережелерімен жақсы таныс екенін көрсетеді.

Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ деп шпаргалкаларға жүгінетін талапкерлер әлі де бар. Мысалы, ҰБТ-ның 5 аптасы бойынша ең креативтілері осы жазбада ұсынып отырмын. Талапкерлердің өкінішіне қарай, біздің қырағы бақылаушыларды алдау мүмкін болмады. Балалардың ерекше шығармашылық жұмыстары бірден анықталды. Айта кетсем, тестілеу ережелерін бұзу туралы бізге келіп түскен әрбір өтініш қарастырылады. Естеріңізде болса, өткен жылы постмониторинг нәтижесінде 200-ден астам адамның нәтижесін жойдық, оның ішінде 137-і грант иегері болған. Биыл да бұл жұмыс өз жалғасын табады. Негізгі 2023 жылғы ҰБТ-ның мәре сызығына 2 апта қалды. Тағы бір мәрте талапкерлерді академиялық адалдық принциптерін сақтауға шақырамын. Жетістікке жетудің басты шарты білімді болу екенін ұмытпаңыздар. Сәттілік!, - деді Руслан Емелбаев.

Өзгелердің жаңалығы