ҰБТ. Аудиториядан 175 адам шығарылды

26 Қыркүйек 2023, 13:05
2230
Бөлісу:
ҰБТ.  Аудиториядан 175 адам шығарылды
Фото: Ұлттық тестілеу орталығы

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 169 мың реттен астам тест тапсырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

​ҰБТ басталғалы шекті балды 77% - дан астам талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 69 бал. Ең жоғары балл – 137, оны еліміз бойынша үш талапкер жинаған.

ҰБТ-ның төртінші аптасы аяқталды. Талапкерлер тестілеудің екінші мүмкіндігін тапсыруда. Осы аптада біз IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттарын «Ағылшын тілі» бойынша ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласын жарияладық. Сондай-ақ, SAT, ACT, IB, A-Level стандартталған тест балдары бекітілді. Осы сертификат иегерлеріне нәтижелерін ҰБТ балына конвертациялауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Айта кетейік, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға төрт аптаның ішінде 486 талапкер қатысты.

Бүгінгі таңда 229 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 175 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетсек, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Өзгелердің жаңалығы