ҰБТ. 75 мыңнан астам талапкер тест тапсырды

24 Мамыр 2021, 19:43
2033
Бөлісу:
ҰБТ. 75 мыңнан астам талапкер тест тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 75 мыңнан астам талапкер 51 тестілеу пунктінде ҰБТ тапсырды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде 52 512 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 19 622 – орыс тілінде, 182 – ағылшын тілінде тапсырды. 5 пән бойынша орташа балл 68,94 құрайды, ең жоғары балл – 138.
Ұлттық бірыңғай тестілеу штаттық режимде өтіп жатыр. Бүгінгі таңда 87 түлек тестілеуге кіргізу кезінде аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 287 адам шығарылып, олардың тестілеу нәтижелері жойылды, – деді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.

Тестілеуге кіргізу кезінде 8 түлектің дене қызуы көтеріліп, бұл түлектер ҰБТ-ны басқа күні бөлек тапсырады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл түлектердің ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі бар. Олар ең жақсы нәтижесі бар сертификатпен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады.

Өзгелердің жаңалығы