ҰБТ: 125 мыңнан астам талапкер өтініш білдірді

9 Мамыр 2020, 15:21
1536
Бөлісу:
ҰБТ: 125 мыңнан астам талапкер өтініш білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер тіркеу жалғасуда, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады. Интернет жоқ жерлерде тұратын тұрғындар үшін өтініш берудің өзге жолы қарастырылған. Айта кеткен жөн, 18 жасқа толмаған тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері береді. Қазіргі күні 125 000 астам талапкер тестілеуге қатысуға өтініш білдірді, - делінген хабарламада.

Техникалық қолдау үшін Ұлттық тестілеу орталығының 8 8000 80 71 77 нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді. Cондай-ақ, info@testcenter.kz қолдау қызметі жəне ҰТО-ның əлеуметтік желідегі парақшалары арқылы хат жолдауға болады.


Өзгелердің жаңалығы