Қуат Хамитов Сочиде жекпе-жек өткізеді

1 Қараша 2019, 09:12
2603
Бөлісу:
Қуат Хамитов Сочиде жекпе-жек өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (20-6) келесі жекпе-жегін 14 желтоқсан күні Ресейдің Сочи қаласында өткізеді.

Бұл туралы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. Отандасымыз Gorilla Fighting Championship турнирі кешінде бақ сынайды. Қарсыласы – ресейлік Руслан Тедеев (12-2).

"Найман" деген лақап атпен танылған қазақстандық спортшы соңғы рет 26 сәуір күні жекпе-жек өткізген. Мәскеуде Fight Nights Global чемпиондық белбеуіне таласта әзербайжан спортшысы Нариман Аббасовқа есе жіберген еді.

Өзгелердің жаңалығы