Уақыт өте аз. Экология министрі әріптестеріне тапсырма берді

12 Ақпан 2021, 16:31
2063
Бөлісу:
Уақыт өте аз. Экология министрі әріптестеріне тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында қарамағындағы әріптестеріне тапсырма берді.

Министрлікте мамыр айының соңына дейін жаңа Экологиялық кодексті іске асыру үшін 150-ден астам заңға қатысты актілерді әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіледі. 

Министр орынбасарына (Ахметжан Әбдіжәмілұлына) бұл жұмысты сапалы жүргізу керектігін айтты.

2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеу бойынша жұмысты тездету қажет. Уақыт өте аз. Ұлттық жобаны осы жылы бекітіп, жобаны әзірлеуге қоғамдық ұйымдарды, қоғамдық кеңес мүшелерін, үкіметтік емес ұйымдардың мүдделі мемлекеттік органдарын, «Атамекен» ҰКП өкілдерін барынша жұмылдыру қажет, - деді министр отырыста.

Қалдықтарды басқару мәселесі бойынша «Waste to energy» технологиясын енгізу туралы заң қабылданды. 

Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментіне заңға қатысты актілерді уақытылы әзірлеу қажет. Сонымен қатар әкімдіктермен инфрақұрылым бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізілуі керек, - деп атап өтті Экология министрі.

Ол айтып өткендей, Мемлекет басшысы Климаттық амбициялар бойынша саммитте 2060 жылға қарай көміртектік бейтараптылық туралы мәселе қозғаған болатын.

Осыған байланысты Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментіне 2050 жылға дейін Қазақстанда төмен көміртекті дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмысты жеделдету қажет, - деп Мырзағалиев тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы