ТЖМ су тасқыны қаупінің себептерін атады

14 Сәуір 2022, 12:07
1337
Бөлісу:
ТЖМ су тасқыны қаупінің себептерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин елдегі су тасқыны жағдайы туралы баяндап берді.

Биыл Қазгидрометтің алдын ала болжамына сәйкес, су тасқыны кезеңі жағдайды ушықтырмай өтуі тиіс еді. Бұған аз мөлшерде қар қоры ықпал етті. Алайда көктемнің келуімен қалың қар жаууы мүмкін. Кейіннен климаттың күрт жылынуы қардың қарқынды еруіне, даладан еріген қар ағынының қалыптасуына және елдің 5 өңірінде, атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарында су тасқыны жағдайының күрделенуіне әкелді, - деді министр.

Юрий Ильин атағандай, БҚО-да шалғын ауылындағы мектептің су басуы туралы ақпаратты уақытылы ұсынбау шұғыл жұмыстарды бастаудың кешігуіне және мектеп қабырғасының бұзылуына әкеп соқтырған. Осы факті бойынша материалдар ішкі істер органдарына тапсырылды.

БҚО-дағы Қызылтал елді мекенін де су басты, онда қорғаныш бөгенінің құрылысын аяқтау 2021 жылдан 2023 жылға ауыстырылды. Сонымен қатар бірқатар өңірде елді мекендерді су басудың себептері - адами фактор. Павлодар облысында Рождественка ауылындағы үйлерді су басу биік учаскеге қар шығару салдарынан болды, - деп мәлімет берді ТЖМ басшысы.

Оның сөзінше, Ақтөбе облысында экобелсенділердің өтініштеріне байланысты 2018 жылы басталған Сазды, Жіңішке, Құмды, Тамды өзендерінің арналарын бұталармен, ағаштармен және қамыспен басып кетуден тазарту жұмыстары тоқтатылды. Осы уақытқа дейін Ақтөбе қаласы арқылы өтетін өзендердің түбін тазарту бойынша жобаларды түзету мәселесі шешілген жоқ. Бұл биыл үйлер мен саяжайларды қайта су басуға себеп болды.

Өзгелердің жаңалығы