ТЖМ қызметкерлері құдыққа құлап кеткен итті құтқарды

Семейде ТЖМ қызметкерлері құдыққа құлап кеткен итті құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 26 Желтоқсан 2024, 07:52
26 Желтоқсан 2024, 07:52
607
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Семейде ТЖМ қызметкерлері құдыққа құлап кеткен итті құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қаладағы "Пищевик" стадионы маңында ит екі метрлік құдыққа құлап кетті. Куәгер 112-ге қоңырау шалып, көмек сұраған.

Келген құтқарушылар төртаяқтыны құтқару арқанының көмегімен құдықтан алып шықты. Құтқару операциясы кезінде ит зардап шеккен жоқ.

Біз үшін әрбір өмір маңызды, - дейді төтеншеліктер.

Наверх