ТЖМ құтқарушылары Маңғыстауда шетелдік туристерді құтқарды

Маңғыстау даласында ТЖМ құтқарушылары Нидерланд азаматтарына көмектесті.

 ТЖМ баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 20:44
Бүгiн 2026, 20:44
201
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Маңғыстау ауданындағы Уәли қорымының маңында батпақты аумақта екі Нидерланд азаматы бар автоүй балшыққа батып қалған.

Көмекке ТЖД құтқарушылары жоғары өтімді техникамен жетіп, автокөлікті балшықтан шығарып алды.

Шетел азаматтары республикалық маңызы бар автожолға дейін жеткізілді. Әрі қарай сапарларын өз бетінше жалғастырды.

Медициналық көмек қажет болмады.

Наверх