ТЖМ басшысы жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды

18 Ақпан 2024, 20:25
907
Бөлісу:
ТЖМ басшысы жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды

2024 жылғы 16 ақпанда аумақтық бөлімшенің жұмысымен танысу мақсатында ТЖ министрі Чингис Аринов жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа салынған өрт сөндіру депосының, ТЖД әкімшілік ғимаратының жұмысымен танысты.

ТЖМ басшысы жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды

Сонымен қатар, қала әкімімен кездесті, онда өңір аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт сөндіру депосын салу мәселелері талқыланды. Министр су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқан «Бадам» өзенінің жағалауын нығайту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын тексерді.

Жеке құраммен кездесу барысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру депосының материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалануды тапсырды.

Бұдан өзге, ол алдағы су тасқыны кезеңінде болуы мүмкін авариялық жағдайлардың алдын алу үшін шұғыл қызметтер мен жергілікті билік органдарының мұқият дайындығы мен бірлескен үйлесімді жұмысы қажет екенін атап өтіп, тиісті тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы