ТЖМ авариялардың негізгі себебін атады

29 Қараша 2021, 15:16
855
Бөлісу:
ТЖМ авариялардың негізгі себебін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев елімізде газбен жабдықтау саласындағы авариялардың негізгі себебін атады.

Бүгінгі күні қалыптасқан тұрмыстық газ баллондарының айналым тетігін және онымен байланысты процестерді талдау баллондардың авариясымен байланысты көптеген проблеманы көрсетеді, - деді вице-министр. 

Пішембаев оның негізгілеріне тоқталып өтті.

- елде халық пайдаланатын ескі және мерзімі өткен баллондардың көп болуы, оларды толтыру заңсыз жүзеге асырылады;

- баллондар паркінің қартаю үрдісі;

- айналымдағы баллондардың иесіздігі және оларды есепке алудың болмауы;

- баллондарды заңсыз толтыратын газ компанияларының қызметі;

- баллондарды толтыру және пайдалану процесінде қауіпсіздік талаптарын елемеу.

Газды халыққа сататын компаниялар газды қайта сатуды ғана емес, сонымен қатар баллондарды тексеруді және жөндеуді жүзеге асырады, әдетте бос баллондарды толтырылған баллондарға айырбастауды қолданады. Баллонды айналымнан шығару – бұл газ компаниясының тікелей шығындары және бұл компаниялар мерзімі өткен және ақаулы баллондарды айналымнан шығаруға экономикалық тұрғыдан мүдделі емес, - деп айтты вице-министр. 

ТЖМ өкілінің хабарлауынша, ескі және мерзімі өткен баллондарды пайдаланатын халықтың қала маңындағы елді мекендерде, ауылдық жерлерде орналасқандығымен және негізінен аз қамтамасыз етілгендігімен жағдай күрделене түсуде.

Қайғылы оқиғалардың себептерінің бірі – газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамада көзделген жергілікті атқарушы органдардың газ техникалық инспекцияларының бақылау функцияларын тиісті деңгейде жүзеге асырмауы, - деп толықтырды Мереке Пішембаев ОКҚ-да. 


 

Өзгелердің жаңалығы