ТЖМ ауылдарды тексереді

26 Сәуір 2022, 11:14
1592
Бөлісу:
ТЖМ ауылдарды тексереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысындай айтты. 

Жергілікті атқарушы органдар өрттің қауіптілігіне дайын болуы керек. Табиғи өрттің 43 пайызы ғана табиғат тарапынан (найзағай, жел), 51 пайызы адам әрекетінен болған. Осы орайда әкімдіктер мен полиция міндетіне адамдардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуін қадағалау болып отыр. Азаматтарға өрт қауіпсіздігін қатаң ұстану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұру керек, - деді ол. 

Ильин айтқандай, қазір тұрғындар саяжай мен жергілікті жердегі жеке үйлердің маңайын тазалау жүргізу керек. 

Мамыр айында ТЖМ барлық жергілікті жерде облыс әкімдерінің қатысуымен тексеру және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жергілікті жерлерде өрт сөндіру пункттері жеткіліксіз. Кез келген дамыған ел әрбір пунктте өзінің өртке қарсы қызметін орната алмайды. Сондықтан бұл жерде өртке қарсы  еріктілердің жұмысы өте маңызды болып отыр, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы