ТЖМ: Алматыда қар көшкіні қаупі бар

8 Ақпан 2024, 04:39
356
Бөлісу:
ТЖМ: Алматыда қар көшкіні қаупі бар

Алматыда қардың тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні қаупі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

8 ақпанда сағат 02-20-да Медеу ауданында Тау-Самал шағын ауданында алдын-ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың батпақтануына байланысты жылжыманың түскендігі туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына дереу Қазселденқорғаудың, Алматы қ. 109 құтқару қызметінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Екі үйге зақым келгені анықталды. Оқиға орнында ТЖД басшылығы бар. ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары тексеру жүргізуде, - делінген ведомство ақпаратында.

Талдауға сәйкес, қардың едәуір мөлшерінің түсуіне байланысты орта таулы және биік таулы аймақтарда таулардың беткейлеріндегі қардың тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні қаупі бар.

Өзгелердің жаңалығы