ТЖК балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады

11 Тамыз 2019, 12:21
1629
Бөлісу:
ТЖК балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2018 жылғы бала құлап, сол жерде көз жұмды. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады. 

Дәл сол күні Қарағанды облысы Абай қаласында 2016 жылғы қыз бала құлап, әртүрлі жарақатпен ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. 10 тамызда Шымкентте сегінші қабаттағы пәтердің балконынан 2014 жылғы бала құлап,сол жерде көз жұмды.

Құлау оқиғаларының көп бөлігі балаларды ата-анасының қараусыз қалдыруы, жанында болған үлкендердің елеусіз қарым-қатынасы себеп болып отыр. ТЖК мәліметінше, балалар көбінесе күндізгі уақытта құлайды. 

ТЖК мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ұсынды. Москит торына сенбеуді, олар балаларды құлап кетуден қорғауға арналмағанын атап өтті. 

"Егер балаға терезеден бірнәрсе көрсетсеңіз, үнемі оны қатты ұстаңыз. Баланың кенет қимылына әрқашан дайын болыңыз, киімінен ғана ұстап тұрмаңыз. Үйді желдеткенде баланың қарауда екеніне көз жеткізіңіз. Балаларға үлкендерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз. Ұйықтап жатқан баланы ешқашан пәтерде жалғыз қалдырмаңыз, өйткені бала оянып, ашық тұрған терезеге шығып кетуі мүмкін. Терезеден кереуетті қоса алғанда, барлық жиһазды кері жылжытыңыз. Бұл баланың терезеге шығып кетуінің алдын алады",- делінген ТЖК хабарламасында.
Өзгелердің жаңалығы