ТЖД елорда тұрғындарына ескерту жасады

22 Қараша 2022, 22:10
909
Бөлісу:
ТЖД елорда тұрғындарына ескерту жасады

Қыс мезгілінің келуімен елорданың су қоймаларында мұз жамылғысы қалыптасқаны байқалады. Алайда, оның бетіне шығу өте қауіпті. Жыл сайын көптеген адамдар сақтық шараларын елемей, өмірлерін қауіпке тігеді. Осы орайда Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елордалықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық ТЖД бүгінде мұздың қалыңдығы 2-4 см-ге жеткенін еске салды, сондықтан оған шығу қауіпті.

Бір адамға арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 7 см-ден кем болмауы тиіс. Ал жаяу өткелдердің қалыңдығы 15 см болуы керек.

Су қоймасындағы мұздың қалыңдығы барлық жерде бірдей емес, өзендердің сағалары мен салаларында мұздың беті әлсірейді. 

ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, мұздың беріктігін көзбен анықтауға болады: көк мұз – берік; ақ болса оның беріктігі 2 есе аз; сұр, күңгірт ақ немесе сарғыш реңкті мұз сенімсіз.

Егер сіз суық суға батып кетсеңіз не істеу керек:

  • Үрейленбеңіз, кенеттен қимыл жасамаңыз, тыныс алуды тұрақтандырыңыз.
  • Қолдарыңызды екі жаққа жайып, денеңізге ағыс бағытында көлденең позиция беріп, мұздың шетіне ілінуге тырысыңыз.
  • Кеудеңізді мұздың шетіне ақырын қойып көріңіз және бір аяғыңызды, содан кейін екінші аяғыңызды мұзға лақтырыңыз.
  • Егер мұз төтеп берсе, баяу жорғалаңыз немесе жағаға қарай домалаңыз.
  • Қай жақтан келдіңіз сол жаққа қарай жорғалаңыз, өйткені мұндағы мұз қазірдің өзінде беріктікке тексерілген.

ТЖД қызметі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы