ТЖД балаларды жазатайым оқиғалардан қорғау туралы айтты

24 Мамыр 2021, 17:46
2861
Бөлісу:
ТЖД балаларды жазатайым оқиғалардан қорғау туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте айтты.

Балалардың жарақат алуы қазіргі қоғамның күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Бала жарақаттарының алдын алу - бұл әр баланың өмірі мен іс-әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі әдісі. Балалар мен жасөспірімдердің жарақаттары қоршаған ортамен, балалардың өмір сүру жағдайымен және тұрмыс жағдайымен байланысты, сонымен қатар қоғам мен мемлекет қабылдаған шараларға тікелей байланысты, - деді Еркін Отарғалымұлы.

Оның айтуынша, білім беру мекемесінде өмір қауіпсіздігі негіздерін оқыту процесін сауатты ұйымдастыру - бұл балалар жарақаттарының алдын алуға ықпал ете отырып, тиімді оқу процесінің алғышарты.

Жазғы мектеп демалысында балалардың бос уақыты көбірек болады, олар көбіне өз еріктерінде қалады. Балалардың ойындары әрдайым қауіпсіз болмауы мүмкін. Кез келген жауапты ата-ана баласының денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдайды. Балаларды жазатайым оқиғалардан қорғау үшін тек уайым мен сүйіспеншілік жеткіліксіз, өйткені олар табиғатынан ізденімпаз, ал өмірлік тәжірибенің аздығынан олар қорықпайды, - деді Еркін Отарғалымұлы.

Оның айтуынша, ата-ана балаларға өрт қауіпсіздігіне үйретуі керек.

Жаңашыл қала жағдайында бала табиғи қызығушылық пен ересектер тарапынан тиісті бақылаудың болмауына байланысты бірқатар қауіп-қатерге ұшырайды, оның бастысы өрттер, су айдындарындағы апаттар, балалардың терезеден құлауы. Балалардың отпен ойнауынан сақ болу керектігін әрбір ата-ана біле турса да, оларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйретіп, жиі еске салып отыру қажет, - дейді ол.


Өзгелердің жаңалығы