ТЖ кезінде полиция жұмысына кедергі келтіргендер сотталады

6 Қаңтар 2022, 12:36
717
Бөлісу:
ТЖ кезінде полиция жұмысына кедергі келтіргендер сотталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан бойынша 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жарияланды. Үш мегаполис пен 14 облыста көліктің қозғалысына шектеу енгізілді. 

Полиция департаментінің жетекшілері комендант болып тағайындалды. 

Бұл шаралар жағдайдың ушығуына байланысты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен заңдылықты сақтау, азаматтардың еркіндігін қорғау мақсатында жүзеге асырылып жатыр. 

ТЖ тәртібі бойынша отбасылық және бұқаралық шараларды жүзеге асыруға болмайды. Бұл режимде комендаттық сағат сағат түнгі 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін енгізілді. 

Бас прокуратурада төтенше жағдайды сақтау шараларын сақтамағандар қылмыстық және әкімшілік жазалауға тартылады. 

Заңға сәйкес, төтенше жағдай кезінде коменданттық сағатты сақтамағандар ұсталып, олардың көліктері тексеріледі.  ТЖ кезінде полицияның жұмысына кедергі келтіргендер мен әскери көліктің бұзылуына әрекет етушілер мен  жалған ақпарат таратушылар сотталады. 

Өзгелердің жаңалығы