ТЖ. Ақмола облысында алкоголь өнімдерін сатуға шектеу қойылды

10 Қаңтар 2022, 14:29
1381
Бөлісу:
ТЖ. Ақмола облысында алкоголь өнімдерін сатуға шектеу қойылды

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында төтенше жағдай кезінде алкоголь өнімдері мен этил спиртін сатуға шектеу қойылды. 

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспановтың айтуынша, тыйым коменданттың жаңа бұйрығына сәйкес әрекет етеді. 

Өңірлік полиция департаментінің басшысы бұйрыққа қол қойды. Оған сәйкес төтенше жағдай кезеңінде ішкі тәртіпті сақтау үшін Ақмола облысының барлық аумағында алкоголь өнімдері мен этил спиртін сатуға шектеу қойылуда, – деп атап өтті Ербол Оспанов. 

Бұл ақпаратты Ақмола облысының полиция департаменті растады. Ақмола облысында төтенше жағдай режимі жариялануына байланысты Ақмола облысы бойынша комендант, полиция департаментінің бастығы бірқатар шектеулерді қабылдады. Осылайша, коменданттың бұйрығына сәйкес, сауда және қызмет көрсету нысандары үшін уақытша шектеулер мен тыйымдар енгізілген. 

Ең алдымен, бұл адамдар көп жиналатын орындарға – мейрамханалар мен басқа да қоғамдық тамақтану нысандарына, үйлену салондарына, банкет залдарына, қоғамдық моншаларға, сауналарға, бильярд залдарына, ойын және компьютер залдарына, сауда объектілеріне қатысты болып отыр. Олар қосымша санитарлық шектеулерді сақтай отырып, 22:00-ге дейін жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ, дәріханалардың дәрілік психотроптық заттардың айналымы бойынша 22:00-ге дейін ерекше жұмыс режимі белгіленді. Күшті алкогольдік сусындар сатуға 21:00-ге дейін шектеу қойылды. Төтенше жағдай кезінде спорттық және бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, қару-жарақ, оқ-дәрілер, арнайы құралдар, жарылғыш, улы заттар сататын мамандандырылған дүкендердің жұмыс істеуіне тыйым салынды, –деп нақтылады департамент басшысы. 

Департамент басшысы ақмолалық кәсіпкерлерді осы қиын кезеңде ақмолалық кәсіпкерлерді алыпсатарлық жасамауға, азаматтардың өмірлік қажеттіліктерін ескеруге шақырды. 

ҚР Президенті жергілікті жерлерде әлеуметтік маңызы бар тауарларға мемлекеттік баға реттеуді енгізу және дүрлігуге жол бермеу туралы тапсырма берді. Осы ретте, облыс орталығының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылдануда. Қалада азық-түлік қоры жеткілікті. Алыпсатарлыққа жол берілмейді. Кәсіпкерлер қиын кезеңде жағдайды түсіністікпен қабылдайды деп сенім білдіреміз. Жекелеген тауарлар тапшылығы туындаған жағдайда өңірлік тұрақтандыру қорының тетігі іске қосылатын болады, – деп түсіндірді Ербол Оспанов. 

 «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Ерқанат Мұсылманбек бүгінгі күні төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты зардап шеккен кәсіпкерлерден мәліметтер бүкіл Қазақстан бойынша жиналатынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы