ТЖ: Алаяқтардан қалай қорғану керек?

12 Қаңтар 2022, 20:28
2097
Бөлісу:
ТЖ: Алаяқтардан қалай қорғану керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезінде елімізде өз қалтасының қамын ойлаған алаяқтар қатары артқан. Волонтерлердің жұмысын үйлестірудің республикалық орталығы мәлімдеді.

Төтенше жағдай кезінде алаяқтар қазақстандықтардың қиын жағдайын пайдалана отырып, халық тұтынатын тауарларды, дәрі-дәрмектерді көмекке мұқтаж жандарға жеткізу сылтауымен азаматтарды алдау оқиғаларының орын алуы жоққа шығарылмайды. Әлеуметтік желілерде қазір волонтерлік ұйымдардың қаражат жинап жатқандығы туралы ақпарат таралуда. Мен азаматтарды мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырамын, - дейді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Лима Диас.

Волонтерлер қаржылық көмек көрсетуге ниет білдірген барлық қазақстандықтарды қырағы болуға шақырады.

Достар, егер сіз қаржылай көмектескіңіз келсе, мұқият болыңыз,волонтерлік  ұйымдардың мәліметтерін тексеріңіз. Парасаттылық танытып, ақпараттың растылығына көз жеткізіңіз. Интернет қазір жұмыс істеп жатыр. Кез келген ақпаратты мұқият тексеру қажет, - дейді «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк.

Еске салайық, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Birgemiz республикалық еріктілер фронт-офисі және Ұлттық еріктілер желісі бірлесіп, Волонтерлер жұмысын үйлестірудің республикалық орталығын құрған болатын. Мұнда еріктілерге көмекке мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсетуде ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіледі.

Республиканың әр облысында жергілікті деңгейде волонтерлерді хабардар етіп, комендатурамен және әкімдіктермен коммуникация құруда көмек көрсететін үйлестірушілер жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы