ҚТЖ Алакөл туристері үшін жағдайлар жасауда

7 Ақпан 2020, 22:09
1823
Бөлісу:
ҚТЖ Алакөл туристері үшін жағдайлар жасауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "ҚТЖ" Ұ"» АҚ Алакөл көлінде туризмді дамытуға белсенді қатысуда. Теміржолшылар курорттық аймаққа пойызбен сапарлайтын, жолаушылар үшін жағдай жасап отыр.

Жалаңашкөл станциясы вокзалында жолаушылар пойызы құрамында вагондар санының артуына байланысты инфрақұрылымды дайындау жұмысы жүргізілуде. 

Сондай-ақ теміржолшылар жолаушыларды отырғызу/түсіруді ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жолаушылар платформасын 450 метрге дейін ұзартуға жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қар мен жаңбырдан қорғау үшін бастырма салу жоспарланып отыр. Толықтай алғанда, жазғы мезгілде Алакөл көлі курорттық аймағына 5 жұп жолаушылар пойызының қозғалысы жүзеге асырылады, - делінген хабарламада. 
Көлдің курорттық аймағы мен туристік саласын дамыту мақсатында "ҚТЖ" ҰК" АҚ 2018 жылдың қаңтарында Ақши станциясында жолаушыларға қызмет көрсету пунктімен өндірістік ғимаратын салуды аяқтағанды. Оның жалпы аумағы – 264 шаршы метр. Енді жазғы мезгілде орташа бұл жерден тәулігіне 3700 жолаушы өтеді, жылдың өзге уақыттарында – 220 астам.
Өзгелердің жаңалығы