Тышқаннан қорқып, егін екпей отыр

27 Мамыр 2021, 11:54
3353
Бөлісу:
Тышқаннан қорқып, егін екпей отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай 10 жылда болмаған. Фермерлерді тышқандар әлекке салды, деп жазады 24.kz. Әсіресе, Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында тышқандар қаптап кеткен. 

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай 10 жылда болмаған. Тышқандар мектеп пен ауруханаларда да көп.

Бірақ бәрінен бұрын фермерлерге оңайға соқпай тұр. Кейбір шаруалар тіптен олар өнімді жойып жібере ме деп қауіптеніп егін егуден бас тартып жатқан көрінеді.

Негізі былтыр елде астық көп жиналған екен. Кеміргіштердің қаптап кетуінің бір себебі сол.

Сонымен қоса, қуаңшылықтан кейін жаңбыр мол жауған. Бұл да тышқандар үшін қолайлы. Ал құзырлы органдар әзірге оларды улауға рұқсат бермей отыр. Себебі бұл жергілікті фауна үшін қауіпті болуы мүмкін дейді.

Біз тышқандардың кесірінен шығынға батып жатырмыз. Ол аздай қазіргінің бәрі психологиялық жағдайымызға да кері әсер етіп отыр. Алаңсыз ұйықтаудан қалдық. Бұл кеміргіштер бүкіл жерде жүргендей сезіледі, – дейді фермер Коди Брейди. 

Өзгелердің жаңалығы