Тыныш жерді бүлдіріп жүрген балаларға ермек таптық - Жылқыбаев

12 Қыркүйек 2022, 13:18
1059
Бөлісу:
Тыныш жерді бүлдіріп жүрген балаларға ермек таптық - Жылқыбаев

Елордада бұқаралық спортты дамыту жұмыстары қалай жүріп жатыр? Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нұр-Сұлтанда қала халқын бұқаралық спорт шараларына тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ туризмді дамыту жолға қойылып келеді. Әсіресе, елордалықтардың белсенді демалысын ұйымдастыруға барынша көңіл бөліне бастады. Жыл басынан бастап  елордада 200-ге тарта бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оларға 50 мың қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту, тұрғындар арасындағы спортпен шұғылданатын адамдар санын көбейту қолға алынды. Нәтижесінде, спорт секцияларының саны артып, саланы цифрландыру мәселесі жолға қойылып келеді, - дейді Самат Сәбитұлы.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында спорттық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен салу арқылы бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталған болатын.

Бәрімізге аян 2020 жылғы 30 желтоқсанда бұқаpалық споpтты одан әpi дамытуды көздейтiн дене шынықтыpу және споpт мәселелеpi бойынша ҚP Заңы қабылданды. Атап айтқанда, дене шынықтыpу даяpлығының балалаp-жасөспipiмдеp клубтаpының және дәpiгеpлiк-дене шынықтыpу диспансеpлеpiнiң желiсiн кеңейту, дене шынықтыpу және споpт бойынша сабақтан тыс секциялаpды жүpгiзгенi үшiн мұғалiмдеpге базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайыз мөлшеpiнде қосымша ақы енгiзу, бiлiм беpудiң баpлық деңгейлеpiндегi дене шынықтыpу сабақтаpында ұлттық споpт түpлеpi бойынша мiндеттi компонент енгiзу жөнiндегi ноpмалаp енгiзiлген. Сондай-ақ, халықпен жұмыс iстеу үшiн споpт нұсқаушылаpын штаттық бipлiктеpiмен қамтамасыз ету көзделген, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Оның айтуынша, бұқаралық спорт жарысын ұйымдастырушылардың мақсаты - халықтың санын көбейту емес, халықтың сана-сезімін шыңдау.

Бүгінде көпшілік ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дегенді ұстанады. Ол жол спортқа бастайды. Осыдан жиырма шақты жыл бұрын емханаларда Еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама алуға кезекке тұратын. Ал кәзір ол әдеттен арылуға бейімділік танылуда. Денсаулықтың қадірін білгендер бұқаралық спорт түрлерінен жарыс өтеді дегенде делебесі қозып, үйде отыра алмайтындар көбейді.
Айта кететінім, әр баланың өзіндік таланты бар: бірі мектептің нақты бір пәніне бейімді болса, енді бірі спортқа, шығармашылыққа құштар болып келеді. Қандай нәтижеге жетсе де балаларға қолдау көрсетіп, әлеуетін ашуына көмектесу керек. Ал мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетілуде, - деді Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Жылқыбаевтың атап өтуінше, елордада алғаш рет бокс орталығы, көркем гимнастика орталығы, жекпе-жек орталығы, жекпе-жек залы ашылды.

Бұл орталықтардағы жаттығулар қаланың барлық құрама командалары мен спорт мектептерінің спортшылары үшін тегін. Жаңа бокс орталығында бір мезетте 500-ден астам, Жекпе-жек орталығында 1000-нан астам адам спортпен айналыса алады. Бұдан аз уақыт бұрын спорт жарыстары өтеді, адам жинап әкеліңдер деп міндеттеген кезден де өттік. Сонымен қатар, қала балалары қолы бос уақытта ұрынарға қара таппай, тыныш тұрған жерді бүлдіріп, сындырып кететініне айғай көтеріп, тәртібі қиын балалардың қатарына қосып, тауын шағатын едік, - деп баяндады Сәбитұлы.

Ол бұл мәселелерді қалай алдын алуға болатынын айтты.

Олардан құтылсақ, кейінгілердің олардан асып түсетінін қайтерсің? Өзіміз де бала күнімізде солардың ен ортасында жүрдік. Енді бүгінде оларға заманға, қоғамға сай ермек таптық. Мысалыға әрбір спорттық мерекелік шараларда далада қаңқасы қалған, бұзылған ескі мәшинелерді жарыс өтетін орынға әкеліп қойып, екі қолы алдына сыймай жүрген балаларды шақырып, солардың сыртына бояумен сурет салғызып, жарыс өткізуді әдетке айналдырдық. Қазірдің өзіңде балғын жастар тағы да қандай спорт жарысы өтеді? - деп, көздері ұшқын атып, өңдері бал-бұл жанып тұр, - деді Жылқыбаев.

Айтуынша, қалалық әкімдікпен бірге елордалықтардың дене тәрбиесімен шұғылдануды, денені шынықтыруды айнымас әдетке айналдыруға, күнделікті қажет әрі пайдалы екенін мойындату үшін барынша қолайлы жағдай  жасалуда.

Ең бастысы салалық бірнеше спорт кешендерінің алды пайдалануға берілді. Күнде кешкі самалмен серуендеуде жүргендер елордадағы саябақтармен мен Есілдің жағалауына орнатылған тренажерлардың игілігін көріп жүр.  Бұл - бұқаралық спорт шараларының пайдасы деп білемін. Қала басшылығымен, бірге ұйымдастырылып жатқан осындай игі шараларымыз сүрініп кетіп, бүлініп жүрген бірталай тағдыр иелеріне де ықпал етіп отыр, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы