Жергілікті өзін-өзі басқару реформасы: Жауапкершілік күшейе түседі

20 Тамыз 2021, 18:40
4232
Бөлісу:
Жергілікті өзін-өзі басқару реформасы: Жауапкершілік күшейе түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңартылған Тұжырымдамада жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа моделі енгізілген, ол шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысуы мен рөлін кеңейтуге, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға, ұйымдық, экономикалық және қаржылық мәселелерді шешудегі ауыл әкімдіктерінің дербестігін, тұрғындар алдындағы ашықтығы мен есептілігін, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің аражігін ажыратуға бағытталған.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті Заңдар 2021 жылғы 24 мамырда қабылданды.

Тағы бір ЖӨБ тұжырымдамасындағы маңызды жәйт, «Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» жаңа заңды әзірлеу. Онда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымы, қалыптастыру тәртібі және өкілеттіктері айқындалатын болады. Бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың пәрменді жүйесін орталықсыздандыру мен құруға, басқару деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің қайталануын қайта бөлуге және болдырмауға мүмкіндік береді.

Жалпы, Тұжырымдамада тұрғындардың маңызды шешімдерді қабылдауға белсенді түрде қатысуы бағамдалған. Мәселен, елдімекендердің мәртебесін, атауын және шекарасын өзгерту, жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттерін айқындау мәселелері.

Сонымен қатар ауылдық өкілді орган – «Кеңес» құрылады. Кеңес төрағасы мен оның мүшелері жергілікті тұрғындардың жиыны арқылы 3 жылға сайланады. Кеңес жергілікті қоғамдастықты дамыту жоспары мен бюджетті бекітіп, оның орындалуын бақылайды, ауылдық деңгейде салық мөлшерлемелерінің мөлшерін, сондай-ақ ауылды абаттандыру мәселесін реттейді. Осымен бірге, 2022 жылдан бастап ауыл деңгейіне салықтар мен төлемдердің қосымша төрт түрі беріледі. Бұлар бірыңғай жер салығы, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем, оларды сатудан түсетін түсімдер және оларды жалдау құқығын сатқаны үшін төлем.

2024 жылы тағы да бірқатар салық пен төлем беріледі. Атап айтқанда, шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын облыс, аудан және ауыл арасында бөлінеді. Фискалдық орталықсыздандыру болжамы бойынша 2025 жылы ауылдық округ бюджетінің өзін-өзі қамтамасыз етуі 35%-ке дейін ұлғайтылады.

Тұжырымдама жергілікті бюджет шығыстарын ұтымды бөлуді арттыруға және коммуналдық меншік нысандарын тиімді пайдалануға бағытталған шаралардан тұрады. Осылайша, тіркелмеген коммуналдық меншік нысандарын түгендеу мен есепке қою оңайлатылған тәртіппен жүргізілетін болады. Ауылдық округ әкімі «Кеңеспен» бірлесіп, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне беруге жататын мүлік түрлерін айқындайды. Ауылдарда әлеуметтік нысандарды жобалауға арналған шығыстарды төмендету үшін үлгілік жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады. Жоспарланған шараларды іске асыру «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатына сәйкес келетін және азаматтардың мүдделерін сапалы іске асыруға бағытталған жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жергілікті өзін-өзі басқару реформасының экономикалық әсері қандай болады

Бiрiншi кезекте ол aуылдық округтер деңгейiнде экономикaлық бaзaны қaмтaмaсыз етуге бaйлaнысты болaды. Осы орaйдa қaзiргi түсімдер және олaрғa бірқaтaр сaлық пен төлемнен қосымшa қaрaжaтты беру есебiнен ескерiледi. Aтaп aйтқaндa, 2019 жылы шaғын және ортa бизнестен түсетін корпорaтивті тaбыс сaлығынaн түсімдерді республикaлық бюджеттен жергілікті бюджетке беру шешімі қaбылдaнды. 2020 жылдың қорытындысы бойыншa COVID-19 пaндемиясы сaлдарынан өңірлерде экономикaлық белсендiлiк төмендегенiне қaрaмaстaн, былтыр жергiлiктi бюджеттерге aтaлғaн корпоративтi тaбыс сaлығы 482 млрд теңге шaмaсындa жинaлды. Жоспaрдa 386 млрд теңге ескерілген еді немесе 25 пaйыз шaмaсындa өсім болды. Aудaндaр мен aуылдық округтерді ынтaлaндыруaн aжырaтпaс үшін жергілікті өзін-өзі бaсқaруды дaмыту тұжырымдaмaсы жобaсындa облыс, aудaн және aуыл aрaсындa ШОБ-тaн корпорaтивті тaбыс сaлығын бөлу шaмaсын реглaменттеу қaрaстырылғaн.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс базасын одан әрі кеңейту үшін 2022 жылы бюджеттің төртінші деңгейіне салықтар мен төлемдердің мынадай түрлері қосылады:

- бірыңғай жер салығы;

- жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

- жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

- жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы берілетін болады.

Бұл жерде ауылшаруашылық мақсаттағы телімдер туралы айтылып отырған жоқ.

2024 жылы мынадай салықтар мен төлемдерді беру жалғасады:

- су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

- жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

- жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы.
Бюджеттік бағдарламаларды ірілендіру, есептер санын қысқарту, бизнес-процестерді оңтайландыру және салық салынатын базаны кеңейтуді ынталандыру тетігін енгізу жолымен бюджеттің төртінші деңгейін қалыптастыру және атқару тәртібін едәуір оңайлату жоспарлануда.

Фискалдық орталықсыздандыру бойынша шаралар қабылдау нәтижесінде 2025 жылы ауылдық округтер бюджетінің өзін-өзі қамтамасыз етуінің 35%-ға дейін өсуі күтілуде.

2024 жылдан бастап облыстардағы аудан мен аудан әкімдерінің тікелей сайлауы енгізіледі

Тағы бір ЖӨБ тұжырымдамасындағы маңызды жәйт, «Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» жаңа заңды әзірлеу. Онда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымы, қалыптастыру тәртібі және өкілеттіктері айқындалатын болады. Бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың пәрменді жүйесін орталықсыздандыру мен құруға, басқару деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің қайталануын қайта бөлуге және болдырмауға мүмкіндік береді.

Сарапшылар, өз кезегінде, жергілікті өзін-өзі басқару туралы жаңа заң жобасын әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Ол саяси реформаларды сапалы іске асыруға мүмкіндік беріп, қоғамды демократияландыру мен азаматтарды жергілікті деңгейдегі шешім қабылдау процесіне кеңінен қатыстыруға оң әсер етеді.

Жалпы, тұжырымдамада тұрғындардың маңызды шешімдерді қабылдауға белсенді түрде қатысуы бағамдалған. Мәселен, елдімекендердің мәртебесін, атауын және шекарасын өзгерту, жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттерін айқындау мәселелері.

Сонымен қатар ауылдық өкілді орган – кеңес құрылады. Кеңес төрағасы мен оның мүшелері жергілікті тұрғындардың жиыны арқылы 3 жылға сайланады.

Кеңес жергілікті қоғамдастықты дамыту жоспары мен бюджетті бекітіп, оның орындалуын бақылайды, ауылдық деңгейде салық мөлшерлемелерінің мөлшерін, сондай-ақ ауылды абаттандыру мәселесін реттейді.

Азаматтардың белсенділігі – жер­гі­лік­ті өзін өзі басқару органдарының тиімді қызметінің басты шарты. Мемле­кеттік органдар, оның ішінде жергілікті өзін өзі басқару органдары халықпен кері байланыстың қазіргі заманғы құрал­дарын тиімді пайдалануды үйре­нуге тиіс. Ауыл әкімінің азаматтар алдындағы ашықтығы мен есептілігі деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылданады. Халықтың шешімдер қабылдауға араласуы басқару сапасын өзгертуге, аза­мат­тық белсенділікті арттыруға, мем­лекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының қызметін ашық етуге тиіс.

Инфрақұрылымдық және әлеумет­тік бастамаларға арналған қоғамдық маңызы бар шығыстарға онлайн-са­уалнамалар, қоғамдық сараптамадан өту тетігі арқылы жергілікті бюджеттерді бекіту процесіне бақылауды күшейту шаралары қабылданады.

Жоспарланған шараларды іске асыру «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатына сәйкес келетін және азаматтардың мүдделерін сапалы іске асыруға бағытталған жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы