Түймебаев әл-Фараби университетіне ректор болып тағайындалды

6 Ақпан 2021, 20:00
1477
Бөлісу:
Түймебаев әл-Фараби университетіне ректор болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 ақпан күні «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма төрағасы - ректор лауазымына үміткер болған кандидатураларды қарастырды, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Аталған лауазымға үміткерлер ЖОО дамыту бағдарламаларын дайындап, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің мүшелеріне таныстырды. Нәтижесінде  конкурсқа қатысқан бірнеше үміткердің ішінен Жанар Амангелдіқызы Темірбекова мен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың кандидатурасы Республикалық комиссияның қарауына ұсынылды.  ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық өткен Республикалық комиссия Директорлар Кеңесі ұсынған кандидаттармен әңгімелесу өткізіп,  «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - ректоры лауазымына Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты таңдады, – делінген хабарламада.
ҚазҰУ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде Рахман Алшанов, Күнсұлу Зәкария, Нұрлан Смағұлов, Еркін Тәтішев, Арманжан Байтасов және басқа азаматтар болды.
Дәл сол күні «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма төрағасы - ректор лауазымына үміткер ретінде конкурсқа қатысқан бес азамат әзірлеген университетті дамыту бойынша бағдарламаларын қарастырды. Дауыс беру нәтижесінде Республикалық комиссияның қарауына Сәуле Көшкенқызы Амандықова мен Ерлан Батташұлы Сыдықовтың кандидатуралары ұсынылды.  Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық еткен Республикалық комиссия Директорлар кеңесі ұсынған үміткерлермен әңгімелесу өткізіп, «Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - ректоры лауазымына Ерлан Батташұлы Сыдықовты таңдады, – дейді ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ЖОО Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде  Мұрат Әбенов, Қанат Нұров, Әлихан Бәйменов, Данияр Әшімбаев, Александр Ван Де Путт және басқа да азаматтар кіреді. 



Өзгелердің жаңалығы